Мәжілісте ЛГБТ насихатына заң жүзінде шектеу қою мәселесі талқылануда

Қазақстанда ЛГБТ қозғалысына қатысты заңнамалық өзгерістер қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді.

Халық қалаулысының айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың зерттеу нәтижелері депутаттар арасында да талқыға түскен. «Комиссияға келген сарапшылар нақты деректерді алға тартты. Біздің қоғамда ЛГБТ насихатының бар екені жасырын емес. Әсіресе әлеуметтік желілерде бұл бағыттағы үгіт-насихат ашық жүргізілуде. Қауымдастық өкілдері өздерін жария түрде таныстырып, түрлі акциялар ұйымдастырып жүр», – деді Жаңбыршин.

Депутаттың сөзінше, мәселе заң аясында реттелуі мүмкін, қазіргі таңда бұл бағытта тиісті ұсыныстар қарастырылып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Филиппиндегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78-ге жетті

Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында 8 маусымда болған магнитудасы 7,8 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны…

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі барлық ота жасалады – Болатбек Баймаханов

Қазақстанда соңғы 10 жылда 3,5 мыңға жуық ағза трансплантациясы жасалды, оның ішінде балаларға арналған күрделі…

Президент төрт облыс әкіміне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп…