Categories Жайық news

БҚО жылыту маусымына дайындықты пысықтап жатыр

Батыс Қазақстан облысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Кеңесті облыс әкімі Нариман Төреғалиев өткізді.Бұл туралы Жайықмедиа тілшісі хабарлайды.

Энергетика және ТКШ басқармасының мәліметінше, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 98%-ға жеткен. Қазіргі таңда бірқатар ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, олар қыркүйекте аяқталмақ. Білім беру мен мәдениет нысандары 99%-ға, спорт және әлеуметтік сала нысандары 100%-ға дайын.

Орал қаласындағы 1210 көпқабатты үйдің 963-і дайындық паспортын алды. Әкімдік бес жатақхананы ерекше бақылауға алған. Олар Жәңгір хан, Ружейникова, Ақотау, Х. Чурина және Доспанова көшелерінде орналасқан.

«Жайықжылқуат» АҚ жылу желілерін жаңғыртудың 85%-ын орындады. «Батыс Су Арнасы» ЖШС су жүйелерін қайта құруды аяқтауға жақын. Электр және газ инфрақұрылымын жаңарту үшін миллиардтаған теңге бөлінген.

Әкім барлық жауапты мекемелерге дайындықты уақытылы аяқтап, отын қорын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды.

Ораз Бердалы ( тілші)

Ұқсас жазбалар

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…