Categories Жайық news

Зейнетақы жинағы: Отбасы банк ипотека жабуға қатысты жаңа шектеу қойды

Қазақстанда баспана алу мақсатында зейнетақы жинағын пайдалану белсенділігі күрт төмендеді. Биыл қаңтарда небәрі 38,6 мың өтінім мақұлданған, бұл – соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 33%-ға, ал жеткіліктілік шегі өсер алдында дүрбелең туған желтоқсан айымен салыстырғанда 90%-ға аз.

Осының салдарынан артық жинағы бар салымшылар саны да азайды. Егер желтоқсанда олардың саны 885,8 мың адам болса, қаңтарда 849,5 мыңға дейін кеміген. Ақшалай алғанда, қаңтарда қазақстандықтар 50,9 млрд теңге алған. Бұл желтоқсанмен салыстырғанда 77%-ға төмен болғанымен, жылдық есепте 5%-ға жоғары.

Бұған қоса, «Отбасы банкі» жаңа шектеу енгізді. Бұдан былай зейнетақы жинағымен ипотеканы мерзімінен бұрын өтегенде, ақша тек негізгі қарызды жабуға бағытталады. Ал пайыздық мөлшерлемені өтеу үшін салымшы өз қалтасынан төлеуі тиіс.

Ал емделу мақсатында алынған төлемдер мүлдем аз. Бір айда небәрі 600 адам 0,6 млрд теңгеге өтінім берген.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…