Categories Саясат

АҚШ бірнеше елдің шенеуніктеріне виза шектеулерін енгізді

АҚШ билігі Куба үкіметінің шетелге, оның ішінде медициналық қызметкерлерді, мәжбүрлі түрде жіберу схемасына қатысы бар деп саналған Африка, Куба және Гренада шенеуніктеріне, сондай-ақ олардың отбасыларына виза шектеулерін енгізді.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, Куба билігі медициналық қызметкерлерді өзге мемлекеттерге жоғары ақыға «жалдап», түскен қаржының көп бөлігін өздерінде қалдырады.

АҚШ тарапының пікірінше, бұл схема «коррупцияланған кубалық режимді» байытып, Куба халқын қажетті медициналық көмектен айырады.

Вашингтон мұндай мәжбүрлі еңбек тәжірибесін тоқтату үшін өзге елдердің үкіметтерімен ынтымақтасуды жалғастыратынын және қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

ВВП Казахстана на душу населения превысил 17 тысяч долларов

Международный валютный фонд выпустил мировой экономический обзор за апрель. ВВП на душу населения в номинальном…

Премьер Индии Нарендра Моди призвал индийцев на год отказаться от покупки золота для свадеб и сократить импортное потребление

*Премьер Индии Нарендра Моди призвал индийцев на год отказаться от покупки золота для свадеб и…

Қазақстан мен Индонезия 13 жылдан кейін сауда-экономикалық байланысты жаңғыртты

Астанада 13 жыл үзілістен кейін Қазақстан мен Индонезия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның екінші…