Categories Қаржы

«KEDEN» жүйесі 5 мың заңбұзушылықты әшкереледі: кеденде адами фактор азайды

Қазақстанда кедендік рәсімдерді автоматтандыруға арналған «KEDEN» ақпараттық жүйесі 5 мыңға жуық заңбұзушылықты анықтады. Бұл жүйе мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адами факторды азайту үшін іске қосылған еді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«KEDEN» жүйесі кедендік бақылау мен рәсімдерді толық автоматтандыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, қызметкерлердің тікелей араласуынсыз-ақ көптеген бұзушылықтар анықталып жатыр.

«Жүйе іске қосылғаннан бері 5 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелді. Бұл – адами фактордың азайғанын көрсетеді», – дейді мамандар.

Жаңа жүйе кедендік қызметтердің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септігін тигізуде. Бұдан былай кеденшілердің жұмысы цифрлық форматқа көшкендіктен, қателіктер мен заңсыз әрекеттердің алдын алу оңайырақ болады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда кадр тапшылығы: қай мамандықтарға сұраныс жоғары?

Қазақстанда IT, инженерия және медицина салаларында кадр тапшылығы сақталуда. Шетелдік мамандарды жұмысқа алу тәртібі жеңілдетілген.

Астана Берн одағының көктемгі отырысын қабылдап жатыр

Астанада Берн одағының көктемгі отырысы басталды. Жиынға 40-тан астам елден сақтандыру компаниялары келді.

Астанада әлемдік қаржы алыптары бас қосты: Берн одағының көктемгі отырысы басталды

Астанада Берн одағының көктемгі отырысы басталды. Әлемнің 40 елінен келген делегаттар экспорттық несиелеу мен инвестициялық…