Categories Жайық news

Қырғызстан Ресейді сотқа берді: Мигранттар құқығына қатысты дау ушықты

Қырғызстан еңбек мигранттарының құқығына қатысты мәселе бойынша Ресейдің үстінен Еуразиялық экономикалық одақ сотына талап-арыз түсірді. Бұл туралы Жогорку Кеңештің бейінді комитетінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Нақтырақ айтқанда, дау қырғызстандық мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің Ресей аумағында міндетті медициналық сақтандыру полисін алуына және тиісті медициналық көмекке қол жеткізуіне байланысты туындаған.

Қырғызстанның Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Азамат Мұқановтың сөзінше, мұндай міндеттемелер ЕАЭО аясындағы келісімдерде нақты көрсетілген.

Kaktus Media басылымының жазуынша, сот отырысы өтіп үлгерген. Енді екі апта ішінде тиісті шешім шығады деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…