Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Қазыхан Қазақстан Президентінің АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі келіссөздердегі өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Ержан Қазыхан осы тағайындауға дейін Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі қызметін атқарып келген.
Ержан Қазыхан – тәжірибелі дипломат. Ол әр жылдары Қазақстанның Аустрия, Ұлыбритания және АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі болған. Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары және министр лауазымдарын атқарған.
Фото: Әлеуметтік желіден

