Categories Жайық news

Ақтөбедегі жаппай төбелес: 17 жастағы бозбала көз жұмды

Ақтөбе облысында жастар арасындағы жаппай төбелес қайғылы аяқталып, бір адам қаза тапты. Полиция департаменті жанжалға қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаға қатысты барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

«Тергеу барысы полиция департаменті бастығының бақылауында. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жергілікті «Диапазон» басылымының жазуынша, қаза тапқан жасөспірім небәрі 17 жаста болған. Сондай-ақ ұсталғандардың барлығы да кәмелетке толмағандар екені айтылады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жаппай төбелес кезінде қару қолданылғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда полиция бұл дерекке қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…