Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында заманауи үлгідегі жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

Өңір басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдениет пен ауылдық инфрақұрылымды дамытуға баса мән беріп отырғанын атап өтті.
– Бұл нысан – мемлекеттік қолдау мен ел бірлігінің нәтижесі. Жаңа мәдениет үйі ауыл өмірінің рухани орталығына айналады деп сенемін, – деді Нариман Төреғалиев.

Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған ғимарат биыл толық аяқталып, ел игілігіне берілді. Жалпы аумағы 560 шаршы метрді қамтитын мәдениет үйінде 100 орындық көрермен залы, би залы, кең фойе, қызметкерлерге арналған бөлмелер мен гримм аймағы бар.

Соңғы екі жылда облыс бойынша алты жаңа мәдениет үйі мен мәдени-спорт кешендері іске қосылған. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 25 ауылдық кітапхана жаңғыртылып, заманауи форматта қайта жабдықталған.

«Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен Жастар мәдениет сарайында ашылған «Креативті хаб» аймағы өңірдің шығармашыл жастары үшін жаңа мүмкіндікке айналды.

Биыл облыс аумағында тағы 12 мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі – Көнеккеткен ауылындағы жаңа мәдениет үйі болса, алдағы уақытта Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында мәдени-спорт кешенінің ашылуы күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Оңтүстік Африка президентін Бостандық күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаны Оңтүстік Африканың ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтап, тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін…

Қазақстанда шетелдік компаниялармен жаңа келісімдер: өндірісті локализациялау басталды

Үкімет шетелдік компаниялармен өндірісті локализациялау бойынша келісімдер жасады. Бұл импортты алмастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға…

Қазақстанда аптап ыстық: термометр 34 градусқа көтеріледі

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы: солтүстікте суық, оңтүстікте 34 градус ыстық күтіледі.