Categories Жайық news

Ақтаулық Меруерт Бижанова Оксфорд университетінің оқытушысы атанды

Ақтаудан шыққан Меруерт Бижанова әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына қабылданды. Ол Teaching Fellow лауазымына тағайындалып, әрі қарай ғылыми жұмысын жалғастырып, дәріс оқиды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Меруерт 2019 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдаған. Мектепті аяқтағаннан кейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетіне оқуға түсіп, ол жерде студенттік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналған. Тіпті студенттер ассамблеясының президенті қызметін де атқарған.

2025 жылы ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданды. Бұл — білім жолындағы тағы бір жоғары белес.

«Оксфордтағы оқытушылық қызметке тағайындалуым — жүйелі еңбегімнің нәтижесі және университеттің маған білдірген сенімі деп білемін. Енді мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымды жалғастырып қана қоймай, өз тәжірибем мен білімімді болашақ жас мамандарға жеткізуді көздеп отырмын», — деді Меруерт Бижанова.

Фото: Маңғыстау облысының Орталық басқару орталығы

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…