Categories Жайық news

БҚО-ның Ақсай қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Сурет:БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында №1 жалпы орта білім беретін мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Нысан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды.

Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамытуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

«Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – аса маңызды мемлекеттік міндет. “Келешек мектептері” жобасы – өскелең ұрпаққа жасалып отырған нақты әрі жүйелі қолдау. Бұл мектеп жаңа дәуірге лайық, бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеуге қызмет етеді», – деді өңір басшысы.

Ақсай қаласында 58 мыңға жуық тұрғын бар. Бұған дейін №1 мектеп 1953 жылы салынған, жобалық қуаты 450 орынға есептелген ескі ғимаратта орналасып, апатты жағдайда болған. Жаңа мектептің іске қосылуы қаладағы апатты білім беру нысаны мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа ғимарат 300 орынға есептелген. Мектеп екі қабатты, жеті блоктан тұрады. Оның үш блогы бастауыш сыныптар мен мектепалды даярлық топтарына арналған. Дене шынықтыру-сауықтыру нысандары жеке блокта орналасқан. Екінші қабатта кітапхана, 110 орындық акт залы, хореография залы, STEM зертханасы, IT сынып, мұғалімдер бөлмесі және бірнеше коворкинг аймақтары қарастырылған.

Мектепте барлығы 28 оқу кабинеті бар, олардың барлығы интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, бейнелеу өнері, графика және жобалау, дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, үй мәдениеті кабинеттері, екі информатика кабинеті және 110 орындық асхана жұмыс істейді.

Мектеп аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы, футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары салынған.

Жаңа мектеп Ақсай қаласындағы оқушыларды қауіпсіз әрі заманауи оқу орнымен қамтамасыз етіп, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысанға айналды.

Ұқсас жазбалар

Құрылтай, вице-президент: Аймағамбетов жаңа реформалардың астарында не жатқанын түсіндірді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Парламентті Құрылтайға біріктіру, вице-президент институтын енгізу сияқты реформалардың мақсатын түсіндірді.

Judge signing documents at desk with focus on gavel, representing law and justice.

ArtSport ісі: Кәсіпкер мүгедек балаларды «оқытып», 1,4 млн теңге алған

Көкшетауда ArtSport бағдарламасы арқылы 1,4 млн теңге жымқырған кәсіпкерге сот үкімі шықты. Ол сабақ өткізбей,…

Damaged car after an accident on a dirt road in Welwyn Garden City, UK.

Жаңаөзендегі қайғылы оқиға: Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан 10 жасар бала мерт болды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Он адам ауруханаға…