Categories Жайық news

СҚО-дағы жантүршігерлік өрт: Әкесі мен екі сәбиі тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы Майбалық ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешке болған. Тілсіз жау шарпыған сәтте үйде отағасы мен оның екі кішкентай баласы болған. Үш жастағы және бір жастан жаңа асқан екі сәби әкесімен бірге оқиға орнында көз жұмды.

Ал балалардың анасы өрттен аман шыққан. Оның қалай құтқарылғанының мән-жайы қазір анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Полиция адам өлімі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ауыл тұрғындары отбасының ішімдікке салынғанын айтады, алайда бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Үкіметке шүйлікті: «Кадрлық шешім қабылдауға тура келеді»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын қатаң сынға алып, бірқатар саладағы кемшіліктерді атады.

Тоқаев: Неке – еркек пен әйелдің одағы, бірақ басқа көзқарас үшін қудалауға жол жоқ

Президент Тоқаев некені ер мен әйелдің одағы ретінде заңмен бекітуді, бірақ өзге көзқарастағы адамдарды қудаламау…

Тоқаев Қызылордада V Ұлттық құрылтайды бастады: Күн тәртібінде не бар?

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен V Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды. Жиында маңызды мәселелер…