Categories Жайық news

Серік Жұманғариннің жұбайы биржа арқылы 88 млн теңге табыс тапқан

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің әйелі былтыр 88 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Бұл сома министрдің емес, оның жұбайының жеке табысы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дерек ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланған. Декларацияға қарағанда, Сәния Садықова 2024 жылы биржадағы бағалы қағаздарға салған инвестицияларынан – дивиденд пен сыйақы түрінде 88 678 984 теңге тапқан.

Жарияланған құжатта бұл табысқа министрдің жалақысы кірмейтіні нақты көрсетілген.

«Отбасының атынан декларацияны Сәния Садықова тапсырған», – делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кету керек, биыл шенеуніктер табыс декларациясын өткізу мерзімінен кешіккен. Соған қарамастан, Жұманғарин – 2024 жылға арналған табысы туралы ақпаратты көптің алдында ашық көрсеткен жалғыз министр.

Ұқсас жазбалар

Трамп Иранға тағы да сес көрсетті: «Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы да қатаң мәлімдеме жасады. Ол "бүгін түнде тұтас…

Қазақстанда мұғалімдер кедейлене бастады: Жалақы инфляциядан жеңілді

Қазақстанда ұстаздардың жалақысы қағаз жүзінде 322,7 мың теңгеге жеткенімен, инфляцияның кесірінен нақты табыс 4,1%-ға азайған.

Суық қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қою шаралары күшейтілді

Бас көлік прокуратурасы суық қарудың, оның ішінде кастеттердің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың (ҚР ҚК-нің 287-бабы)…