Қазақстан азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында отандық медицина саласының дамуына тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері елімізде 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны ашылған. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткен. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан аймақта көш бастап тұр.

«Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан осы аймақта көш бастап тұр. Бұл ел дамуының нақты көрінісі екені сөзсіз», деді Президент.

Мемлекет басшысы атап өткендей, сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға базалық медициналық көмек алуға кепілдік берілген. Сонымен қатар, нейрохирургиядан репродуктивті медицинаға дейінгі жоғары технологиялық ем-шаралардың бәрі қолжетімді.

Тоқаевтың сөзінше, қоғамға қызмет ету жолын таңдағандарға лайықты жағдай жасалып жатыр. Ұстаздар мен дәрігерлердің беделін арттыру жалғасады. Мұғалімдердің, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Соңғы үш жылда 1,2 миллионнан астам адамның еңбекақысы 50 пайыздан 100 пайызға дейін артты.

Ұқсас жазбалар

Брайль қарпіндегі Конституция таныстырылды

Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың…

Жыл басынан бері 160-тан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысы бар күдіктілердің топ құру, басшылық ету және қатысу…

Қазақстанда саусақ ізін алудың жаңа тәртібі 1 шілдеден бастап күшіне енді

1 шілдеден бастап дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің жаңартылған қағидалары күшіне енді. Өзгерістер саусақ іздерін алу…