Биыл әскери парад болмайды: Қорғаныс министрлігі не дейді?

Қазақстанда 2026 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілдері бұл шешімнің бірнеше себебі барын айтады. Ең бастысы – әскери шығындарды оңтайландыру және қаражатты әскердің техникалық жарақтануына бағыттау.

«Біз парадтан гөрі сарбаздардың күнделікті дайындығы мен қару-жарақты жаңартуға басымдық беруді жөн көрдік. Бұл – уақытша шара», – деді ведомство өкілі.

Биыл ел бойынша тек жергілікті деңгейде салтанатты шаралар мен патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал Батыс Қазақстан облысында да ірі әскери шеру жоспарланбаған.

Айта кетейік, өткен жылы Астанадағы парадқа республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге жұмсалған еді. Биыл бұл қаражат әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға кетпек.

Ұқсас жазбалар

Президент мәдениет саласының үш қызметкерін марапаттады: Азат Сейітметов, Дастан Оразбеков, Аян Өтепберген

Мемлекет басшысы мәдениет саласының үш қызметкерін марапаттады. Олардың қатарында Азат Сейітметов, Дастан Оразбеков және Аян…

22 мамырда ауа райы құбылады: үсік пен жел күшейеді

Синоптиктер 22 мамырға ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қызылордада 1 трлн теңгеге 14 ірі жоба іске қосылады

Қызылорда облысында биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Президент өңір әкімінің есебін…