Тоқаев Путин мен Лукашенкоға алғыс айтты: поляк түрмесінен қазақстандықты босатты

Қасым-Жомарт Тоқаев Польшада ұсталған қазақстандық азаматты босатуға көмектескені үшін Ресей мен Беларусь басшыларына алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Польша президенті мен премьер-министріне арнайы хат жолдап, олардың қолдауына ризашылығын білдірді. Ақорданың баспасөз қызметі бұл туралы ресми мәлімдеме жасады.

Қазақстан Президенті Владимир Путин мен Александр Лукашенкоға алғысын білдіріп, олардың көмегінің арқасында азаматтың босатылғанын атап өтті, — делінген хабарламада.

Қазақстандықтың Польшада қандай себеппен ұсталғаны және оны босату үшін нақты қандай шаралар қолданылғаны әзірге белгісіз. Бұл оқиға дипломатиялық арналар арқылы шешілгені айтылады.

Ұқсас жазбалар

Астанада екі көшеде көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу қойылды

Астанада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне 15 пәтер кілті табысталды. Шараға Президент кеңесшісі Айбек Смадияров қатысты.

Екі облыста жер сілкінісі сезілді

Бүгін Астана уақытымен сағат 18:34-те сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы…