Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанда есірткіге қарсы жаңа штаб құрылды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде есірткіге тәуелділіктің алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретін республикалық штаб құрылды.

Штабтың құрамы мен басшылығы

Штабты Премьер-Министр басқарады, оның орынбасарлары — Премьер-Министрдің орынбасары және Ішкі істер министрі. Сондай-ақ құрамына Бас прокуратураҰлттық қауіпсіздік комитетіҚаржы мониторингі агенттігіҰлттық банкҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, бірқатар профильді министрліктердің басшылары кірді.

Негізгі міндеттері

  • Мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы күрестегі іс-қимылын үйлестіру;

  • Алдын алу шараларының тиімді тетіктерін әзірлеу;

  • Нашақорларды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру.

Аймақтық штабтар

Премьер-Министрдің тапсырмасымен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстарда аймақтық штабтар құрылады.

Еске сала кетейік, 13 тамызда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Тоқаев есірткінің таралуы елімізде де, әлемде де алаңдатарлық деңгейге жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл зұлымдықпен күреске бүкіл қоғамның қатысуы қажет екенін айтып, үкіметке, өңір әкімдеріне және мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берген болатын.

Сонымен қатар, Президент Есірткіге қарсы ведомствоаралық штабты Ішкі істер министрлігінен Үкімет деңгейіне көшіруді тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіледі – Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституция ережелерін іске асыру үшін конституциялық заңдарға қол…

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.