Президент Қытай және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерімен кездесіп, қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде өңірдегі қауіпсіздік жағдайы, есірткі айналымы және киберқауіпсіздік сынды өзекті тақырыптар сөз болды. Президент Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

«Біздің ортақ мақсатымыз – аймақтағы тұрақтылықты сақтау және қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру», — деді Мемлекет басшысы.

Министрлер өз кезегінде ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін білдірді. Тараптар ақпарат алмасу және бірлескен жаттығулар өткізу мәселелерін де қарастырды.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.