Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 8% төмендеді: себебі не?

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық деңгейі 8 пайызға азайған. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген.

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың төмендеуі – бірлескен жұмыстың нәтижесі. Біз профилактикалық іс-шараларды күшейтуді жалғастырамыз», – деді Аида Балаева.

Кеңес барысында бірнеше өңірдегі ахуалға ерекше назар аударылды. Батыс Қазақстан облысында да жасөспірімдер қылмысы азайған, бірақ әлі де бақылау қажет екені айтылды.

Алдағы уақытта мектептерде және жастар орталықтарында профилактикалық жұмыстар күшейтілмек.

Ұқсас жазбалар

POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен…

29 маусымда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазгидромет 29 маусымда Қостанай, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Қарағанды және Атырау облыстарында…

Францияда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

Францияда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Бортта ұшқыш, парашют нұсқаушылары және тандем…