Categories Жайық news

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында концерт өткізеді

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында «Stranger» атты жеке концертін өткізетінін мәлімдеді. Бұл жаңалық Алматыда өткен фан-кездесу кезінде жария болды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.

Концерт 2025 жылдың 5 қарашасында өтеді. Бұл — Димаштың АҚШ-тағы ең ірі алаңдардың бірінде алғаш өнер көрсетуі болмақ.

Бұған дейін «Stranger» турының Барселона, Берлин, Лондон және Рига қалаларында өтетіні хабарланған.

Кездесу барысында әлеуметтік желілерде «Балқадиша» әнін татамиде орындап танымал болған 14 жастағы Иса Бекболат та сахнаға шықты. Ол Almaty Arena-да жиналған 8 мың көрерменнің алдында алғаш рет өнер көрсетті. Димаш оған сәттілік тілеп, қолдау білдірді.

📸 Фото: Александр Павский / Kazinform

Ұқсас жазбалар

Түркия Иранға қатысты өз ұстанымын жариялады: «Әскер кіргізуге қарсымыз»

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараның Иранға кез келген әскери шабуылға қарсы екенін мәлімдеп,…

Silhouette of a robotic hand reaching towards glowing blue light in a futuristic setting.

AI видео стартабы: Higgsfield компаниясы 1,3 миллиард долларға бағаланды

AI-видео саласындағы Higgsfield стартапы 80 млн доллар инвестиция тартып, 1,3 млрд долларға бағаланды. Компания OpenAI…

30 градус аяз: Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Астанада аяз күшейіп, 16 қаңтарда бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына…