Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, биыл мамырдағы мемлекеттік сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына серпін бергенін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында өтетін ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.

Ұқсас жазбалар

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Мемлекет басшысы Алжир Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

5 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

«Қазгидромет» 5 шілдеге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстік және шығыс…