Бакуде «Мәдениеттер диалогы: Қазақстан – Әзербайжан» атты көрме өз есігін айқара ашты. Мұнда екі елдің өнері мен мәдениетінің тоғысуы көрініс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Көрмеде отандық бейнелеу өнерінің даму жолы, тарихи сабақтастық, адам мен табиғат арасындағы байланыс, сондай-ақ түркі дүниесіне ортақ мәдени ерекшеліктер көрсетілген. Әр туындыдан ұлттық нақыш пен заманауи үрдіс тоғысқан.
«Бұл көрме – екі халықтың рухани жақындығын дәлелдейтін маңызды оқиға. Өнер арқылы диалог орнату – бейбітшілік пен достықтың кепілі», – деді ұйымдастырушылар.
Шара барысында қазақ және әзербайжан суретшілерінің туындылары қатар қойылып, көрермендерге екі мәдениеттің үндестігін сезінуге мүмкіндік берілді. Көрме бірнеше күнге созылады.

