Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлинге Жеңіс туын ілген Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кенжебай Мәденов соғыстың соңғы кезеңінде взвод командирі болған. Ол өз жолдастарымен бірге Берлиннің Ратуша ғимаратына Жеңіс туын іліп, тарихи сәттің куәгері атанған.
«Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Кенжебай атамыздың ерлігі ұрпаққа үлгі», – деді батырдың ұрпағы. Ардагердің ұрпақтары қазір Батыс Қазақстан облысында тұрады. Оның есімі мәңгілікке ел жадында сақталады.

