Президенттен Әсем Орынбайға құттықтау: стенд атудан әлемдік рекорд жаңарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стенд атудан Алматыда өткен Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент спортшының жетістігін ерекше атап, оның әлемдік рекорд жаңартқанын тілге тиек етті.

«Сіздің жеңісіңіз – қазақ спортының биік белесі. Еліміздің атын әлемге танытқаныңызға ризамын», – деді Тоқаев.

Әсем Орынбай Алматыдағы Әлем кубогінде қарсыластарынан басым түсіп, стенд атудан жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл жетістік Қазақстанның спорттағы беделін көтерді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Қазақстан Президентінің Брюссельге ресми сапары басталды. Бельгия астанасының әуежайында Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы ротасы сап…

Мемлекет басшысы Бельгиядағы отандастармен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесті.

Талдықорған теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды

Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталған соң теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті.