Астана-Щучинск автобанында апат: бір адам қаза тапты

Астана-Щучинск автобанында тағы бір қайғылы оқиға болды. Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 23 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында Астана-Щучинск тас жолының 12-шақырымында тіркелді. Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, зардап шеккендер бар.

— Жол-көлік оқиғасы кезінде жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Автобандағы апат себептері анықталып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Астанада дауыл соғады: синоптиктер ескерту жасады

Бүгін Астанада жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Тоқаев Үкіметке: Жасанды интеллект экономиканы қаншалықты өсіретінін есептеңдер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысында Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалауды…

5-7 мамырда Қазақстанда қатты жаңбыр мен тұман күтіледі

Синоптиктер 5-7 мамыр аралығында еліміздің көп бөлігінде қатты жаңбыр мен тұман болатынын ескертті.