Categories Әлем

АҚШ Германиядан 5 мың әскерін шығарады: Пентагон шешім қабылдады

АҚШ Қорғаныс министрлігі Германиядағы әскери контингентін қысқарту туралы шешім қабылдады. Пентагон ел аумағынан 5 мыңға жуық американдық әскери қызметкерді шығарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қадам АҚШ-тың Еуропадағы әскери күштерін қайта құру жоспары аясында жасалып отыр. Пентагон өкілдерінің мәліметінше, шығарылатын әскерлердің бір бөлігі басқа елдерге ауыстырылады, ал қалғаны АҚШ-қа қайтарылады.

«Біз Еуропадағы әскери күшіміздің тиімділігін арттыру үшін қайта қарау жүргізіп жатырмыз. Германиядағы контингентті қысқарту – осы жоспардың бір бөлігі», – деді Пентагон ресми өкілі.

Шешім Германиямен келісілген және екіжақты ынтымақтастыққа нұқсан келтірмейді деп отыр. АҚШ әскерлерінің бір бөлігі Италия мен Бельгияға ауыстырылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Әлемге әйгілі AI сарапшысы Қазақстанда GITEX-2026 алдында дәріс өткізді

Әлемдік AI сарапшысы Кай-Фу Ли Қазақстанда GITEX-2026 алдында мамандарға оқыту семинарын өткізіп, елдің цифрлық болашағына…

Трамп Иранның 14 тармақты бейбіт жоспарына сенбей отыр

Иран билігі Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған 14 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды АҚШ-қа жолдады. Алайда…

Қытайда көше тәртібін робот-полицейлер қадағалайды: Ханчжоудағы жаңа тәжірибе

Қытайдың Ханчжоу қаласында робот-полицейлер көше тәртібін қадағалауға кірісті. «Ақылды» патрульдер жол ережесін бұзғандарды анықтап, орталыққа…