Филиппиндегі Майон жанартауы атқылай бастады. Лава мен күл аспанға атылып, маңайдағы елді мекендерге қауіп төнді. Билік 5 мыңнан астам адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Филиппиннің Вулканология және сейсмология институты жанартау әрекетінің деңгейін 5 балдық шкала бойынша 3-ке көтерді. Бұл — «аралас дабыл» дегенді білдіреді. Мамандардың айтуынша, жарылыс кез келген уақытта күшейіп кетуі мүмкін.
«Қазіргі уақытта жанартау 6 шақырым радиусқа дейін қауіпті. Адамдарды эвакуациялау жалғасуда», — деді институт өкілі.
Майон — Филиппиндегі ең белсенді жанартаулардың бірі. Ол 2018 жылы да атқылап, ондаған мың адамды үйінен айырған еді. Билік эвакуацияланғандарға уақытша баспана мен азық-түлік ұйымдастырып жатыр.

