Categories Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады  

Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысын алдын ала тануға оң септігін тигізгені үшін Тамаш Яккельге алғыс айтты. Бұл шешім 2024 жылы Амстердамда өткен Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас комитетінің отырысында қабылданған еді.

✔️Мемлекет басшысының айтуынша, тазы және төбет тұқымдарын сақтау тек кинология тұрғысынан емес, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыс салтымен тығыз байланысты тарихи-мәдени құндылық ретінде айрықша маңызға ие. Ит – қазақ халқының дүниетанымында жеті қазынаның бірі саналады.

✔️Жүйелі жұмыс нәтижесінде бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданды.

✔️Бұдан бөлек, көп ұзамай Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылмақ.

✔️Халқымыздың асыл қазынасын дәріптеу мақсатында биылдан бастап 3 қыркүйекте Қазақы тазы мен төбет күні аталып өтеді.

✔️Өз кезегінде Тамаш Яккель қазақы ит тұқымдарын сақтауға айрықша қамқорлық көрсетіп отырған Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

✔️Сонымен қатар Президентке әлемнің 100 елін біріктіретін FCI қызметі туралы мәлімет берді.

 

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Бектенов: Отандық өндірушілерді қолдау – басты басымдық

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізіп, отандық өндірушілерді қолдау басты басымдық екенін айтты.

Балаева: Бала – мемлекеттің басты капиталы

Аида Балаева балаларды мемлекеттің басты капиталы деп атап, олардың қауіпсіздігі мен дамуына ерекше көңіл бөлу…

Бектенов Air Products басшысымен газ химиясындағы ынтымақтастықты пысықтады

Премьер-министр Олжас Бектенов Air Products компаниясының өкілімен кездесіп, газ химиясы саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.