Ұлытаудан Парижге жаяу: 76 жастағы ақсақал 3000 шақырым жолды еңсерді

Ұлытаулық 76 жастағы Сәрсенбай Қотырашов Парижге дейін жаяу жетіп, арнайы марапат алды. Ол 3000 шақырымнан астам жолды 3 айда еңсерген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сәрсенбай атаның бұл сапары Ұлытаудан басталып, Ресей, Беларусь, Польша, Германия арқылы Францияға дейін созылған. Ол жол бойы қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, кездескен адамдарға ұлттық тағамдар мен бұйымдарды сыйлаған.

«Бұл сапар – менің өмірлік арманым еді. Қазақ елінің рухын әлемге паш ету үшін аттандым. Жолда көптеген қиындықтар болды, бірақ халықтың қолдауы мені алға жетеледі», – дейді Сәрсенбай Қотырашов.

Парижде оны қазақ диаспорасы мен жергілікті билік өкілдері құрметпен қарсы алды. Ақсақалға «Мәдениет елшісі» атағы беріліп, арнайы диплом табысталды.

Бұл – Сәрсенбай атаның алғашқы шетелдік жаяу сапары емес. Оған дейін ол Түркия мен Әзербайжанға да жаяу барған. Ендігі жоспары – Еуропаның басқа да қалаларын аралау.

Ұқсас жазбалар

23 жастағы австралиялық ChatGPT көмегімен 60 жылдық ғылыми жұмбақтың шешімін тапты

23 жастағы австралиялық Лиам Прайс ChatGPT көмегімен 60 жыл бойы шешілмей келген ғылыми есептің жауабын…

Астанада жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған жігіт ұсталды: 22 жастағы күдікті не істеді?

Астанада 22 жастағы жігіт жалдамалы пәтерлерде 500 грамнан астам синтетикалық есірткі сақтаған. Ол ұсталып, тергеу…

Астанада ақылы эвакуация іске қосылды: көлікті қайда қоюға болмайды?

Астанада жол ережесін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау іске қосылды. Қай жерге көлік қоюға болмайтынын біліңіз.