Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілерге ҰБТ нәтижесі енді жеткіліксіз болады. Абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуі керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешім болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында қабылданды. Енді педмамандықтарға түсетін талапкерлер тек ҰБТ-мен шектелмей, арнайы қосымша емтихан тапсырады.
«Біз сапалы білім беру үшін мұғалімдердің біліктілігі маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан іріктеуді қатаңдатуды жөн көрдік», — деді Білім министрлігінің өкілі.
Жаңа ереже 2025 жылғы қабылдау науқанынан бастап қолданысқа енеді. Педагогикалық ЖОО-лар өздерінің ішкі емтихан бағдарламасын бекітіп жатыр.

