Экологиялық мәдениет: Тоқаев «Жасыл сабақтарды» енгізуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізі білім жүйесінде екенін айтты. Ол Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын әзірлеп, енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба мектеп оқушыларына экологиялық білім беруді көздейді. Сабақтар табиғатты қорғау, қалдықтарды сұрыптау және суды үнемдеу сияқты тақырыптарды қамтиды.

«Экологиялық мәдениет – бұл біздің болашағымыздың негізі. Сондықтан балаларға кішкентайынан табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету маңызды», – деді Президент.

Министрлік жобаны пилоттық режимде бірнеше мектепте сынап көруді жоспарлап отыр. Табысты болған жағдайда, «Жасыл сабақтар» бүкіл ел бойынша енгізіледі.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев креативті индустрия қорының кеңсесін аралап, жобалармен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап, қордың жұмысымен танысты.

«Келешек» оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

«Келешек» мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізіп, қоршаған ортаны тазартуға атсалысты.

Тоқаев «Таза Қазақстан» белсенділерін марапаттады: кімдер алғыс алды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқан азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында еріктілер мен қоғам…