Астанадағы Сарайшық ауданында 10 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнында тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ. Құтқарушылар үй тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялады.
ТЖД мамандары өрттің ауқымы мен келтірілген шығынды анықтап жатыр. Қосымша мәліметтер кейінірек хабарланады.

