Categories Жайық news

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта Dated Brent мұнайының бағасы соңғы 18 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, ал сарапшылар бұл қымбатшылық жыл соңына дейін сақталады деп болжайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықта Dated Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 141,37 долларға дейін көтерілді. Мұндай баға соңғы рет 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы кезінде тіркелген еді.

Қазір Brent фьючерстері шамамен 107 доллардан сатылып жатыр. Бағаның шарықтауына бір айдан астам уақыт бойы Ормуз бұғазының жабық тұруы себеп. Осыған байланысты нарық қатысушылары қолға түскен кез келген шикізатты сатып алуға мәжбүр.

«Бағаның кенеттен өсуі – фьючерстік келісімшарттар мен тапшы тауарларға баға белгілейтін нақты нарық секторлары арасындағы алшақтықтың ұлғайып бара жатқанының белгісі», – деп жазады Bloomberg.

Citi және JP Morgan сарапшылары әлемдік мұнай бағасы кем дегенде 2026 жылдың соңына дейін жоғары деңгейде сақталады деп санайды. Citi болжамы бойынша, жылдың екінші жартысында Brent мұнайының орташа бағасы базалық сценарий бойынша 95 доллар, ал дағдарыс ушыққан жағдайда 130 доллар болады. Сарапшылар мұның өзі шек емес екенін ескертеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

БҚО-да «Ұлы өнердің ұлы арнасы» атты республикалық байқау өтті.

Қасиетті домбыраның үнімен дүйім жұртты тәнті еткен республикалық домбырашылар байқауының күй астанасы ауданымызда өткені мерейімізді…