Categories Жайық news

Ата-анасы 37 жастағы ер адамға күштеп ұзатқан: 15 жастағы қызды зорлаған сотталушының жазасы жеңілдемеді

Қарағандыда 15 жастағы жасөспірімді зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, оны 37 жастағы ер адамға өз анасы мен өгей әкесі «шариғат заңымен» күштеп тұрмысқа берген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыстық соттың мәліметінше, анасы мен өгей әкесі кәмелетке толмаған қызды 37 жастағы тұрғынға «шариғат заңдары бойынша» тұрмысқа берген. Арада бір ай өткенде, яғни наурыз айында ер адам жасөспірімді өз еркінен тыс бірнеше рет зорлаған.

Биыл қазан айында бірінші сатыдағы сот оны 17 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда сотталушы мен оның адвокаттары үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

«Сотталған азамат пен оның адвокаттарының апелляциялық шағымдары бойынша келіп түскен қылмыстық істі қайта қараған алқа бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды», — делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ сот алқасы облыс прокурорының атына жеке қаулы шығарды.

Бұған қоса, жәбірленушінің заңды өкілі моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыз берген. Сот оны ішінара қанағаттандырып, сотталушыдан 3 миллион теңге өндіруге шешім шығарды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…