Categories Жайық news

Қазақстандағы танымал AIRAN MEDIA жобасы ресми түрде жабылды

Екі апталық үнсіздіктен кейін Қазақстандағы танымал AIRAN MEDIA YouTube-жобасы өз жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді. Редакция қазіргі жағдайда видео шығару мүмкін емесін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Төрт жыл бойы жұмыс істеген жоба Қаңтар оқиғасы, Украинадағы соғыс сияқты қоғамдағы ең өткір әрі маңызды тақырыптарды көтеріп келген еді.

Жоба ұжымы өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоштасу хатын жариялап, жұмысты тоқтату себебін түсіндірді.

«Жобаны бастаған кезде таңдаған қағидаттарымыз бүгінгі жағдайда орындалмайтын болды. Сондықтан біз тоқтаймыз. Бұл – трагедия емес, бұл – шындық», — делінген редакция хабарламасында.

Сонымен қатар команда осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен барша көрерменіне алғыс білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…