Categories Жайық news

Жетісуда ірі жол апаты: Жүк көлігінің астында қалған жүргізушіні құтқарушылар алып шықты

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолында бір жүк көлігі мен үш жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Көксу ауданындағы Алғабас ауылының маңында болған.

Апат салдарынан жеңіл көліктердің бірі жүк көлігінің астына кіріп кетіп, жүргізушіні темір құрсауда қысып қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдардың көмегімен зардап шеккен азаматты көліктен шығарып алды.

Екі зардап шегуші де жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…