Categories Жайық news

БҚО әкімі Наурыз мерекесімен құттықтады

Ардақты ағайын!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды жыл басы – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күні – табиғаттың түлеп, жер-дүниенің жаңаратын, тіршілік атаулыға жан бітетін қасиетті кезең. Халқымыз бұл мейрамды ықылым заманнан бері бірлік пен берекенің, татулық пен ізгіліктің символы ретінде ұлықтап келеді.

Бүгінде Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша Қазақстан халқын ортақ мүддеге ұйыстыратын шынайы жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ерекше дәріптеледі. Дәл осы құндылықтар біздің еліміздің берік іргетасын қалап, өңіріміздің дамуына жол ашады.

Қазіргі таңда мемлекетіміз дамудың жаңа белесіне көтерілді. Ортақ шаңырағымызды өркендету жолындағы ауқымды істер мен игі бастамалар елімізге тың серпін беретініне сенімдімін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, алға қойған мақсаттарымыз орындала берсін!

Құрметті батысқазақстандықтар!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…