Categories Жайық news

Шетелде соғысып, елде үгіт жүргізген: 17 қазақстандық терроризм үшін сотталды

Жыл басынан бері Қазақстанда террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 17 адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша сотталғандар әртүрлі мерзімге жаза арқалаған.

Олардың бірі – Алматы тұрғыны. Ол 2017 жылы халықаралық террористік ұйымдар қатарында соғыс қимылдарына қатысу үшін шетелге аттанған. Кейін шетелде тұтқындалып, Қазақстанға жеткізілді. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Тағы бір азамат – Көкшетау тұрғыны. Ол 2013 жылы шекара асып, интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаумен айналысқан. Ол да ұсталып, елге қайтарылды. Сот үкімімен бұл азамат терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 9 жыл 6 айға сотталды.

Осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыстар үшін алты діни радикал ұсталды.

Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тағы төрт азаматқа сотталғандар арасында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылды. Олар интернетте және өз ортасында террористік, экстремистік материалдар таратып, өздерінің көзқарасымен келіспейтін адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақырды деп күдіктенеді. Қазір Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…