Categories Жайық news

Куба толықтай жарықсыз қалды: АҚШ-тың мұнай блокадасы елді тығырыққа тіреді

Америка Құрама Штаттарының мұнай блокадасы салдарынан Кубада алғаш рет бүкіл ел аумағында электр қуаты толығымен сөнді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Куба президенті Мигель Диас-Канельдің айтуынша, елге үш айдан бері отын импортталмаған. Вашингтонның қысымынан кейін Венесуэла мен Мексика Кубаға мұнай жеткізуді тоқтатқан.

«Біз соңғы үш айда мүлдем отын импорттамадық. Бұл АҚШ-тың біздің негізгі серіктестерімізге жасаған қысымының тікелей салдары», — деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Бұл дағдарыс елдегі жанармай бағасының күрт өсуіне және дәрі-дәрмек тапшылығына алып келді. Қазіргі уақытта энергетиктер электр желісін қалпына келтіруге тырысып жатыр. Алайда сарапшылар ескірген инфрақұрылым жағдайды одан сайын қиындатып отырғанын айтады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…