Атырауда күйеуі мен екі баласын өлтірді деген ауыр айып тағылған Ақбаян Мұқанғалиева сот шешімімен бір айға психикалық денсаулық орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл шешімді тергеу соты қылмыстық істі қарау аясында қабылдады. Күдікті енді бір ай бойы мамандардың бақылауында болады. Осы уақыт ішінде оған арнайы медициналық тексеру және сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Сараптама қорытындысы Ақбаян Мұқанғалиеваның оқиға кезінде есі дұрыс болған-болмағанын анықтауға мүмкіндік береді. Оның нәтижелері іс бойынша алдағы процессуалдық шешімдерді қабылдауға негіз болады.
Фото: Әлеуметтік желіден

