Categories Жайық news

Израиль Иранға соққы берді: рухани көсем Хаменеи қаза тапты

Сенбі күні таңертең Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи өз жұмыс орнында жасалған шабуылдан қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Иранның Tasnim агенттігінің хабарлауынша, шабуыл сенбі күні таңғы уақытта жасалған.

«Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи қаза тапқан сәтте өз жұмыс орнында (кеңсесінде) мемлекеттік қызметпен айналысып жатқан. Бұл сатқындық шабуыл сенбі күні таңғы уақытта болды», — деп хабарлады агенттік.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) бұл шабуылға жауапты екенін мәлімдеді. Израиль әскерилері Иран аумағындағы 30-дан астам нысанға, соның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, зымыран ұшыру кешендеріне және әскери басқару орталықтарына соққы бергенін жариялады.

Рухани көсемнің қазасы расталғаннан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) елдің «қарулы күштер тарихындағы ең қатыгез шабуыл операциясын» бастағанын мәлімдеді.

CBS телеарнасының дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ Иранға қарсы операция барысында Ислам Республикасының 40-қа жуық шенеунігі қаза тапты деп есептейді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Хаменеидің өлімінен кейін Иранмен келіссөз жүргізу оңайырақ болатынын айтты.

Сонымен қатар, Иран билігі қорғаныс кеңесінің хатшысы мен Ислам революциясы сақшылар корпусы қолбасшысының қаза тапқанын растады. БАҚ мәліметінше, ИРСК-ның жаңа қолбасшысы болып кеңесші Ахмад Вахиди тағайындалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…