Categories Жайық news

Қазақстан мен Сербия 10 құжатқа қол қойды: Тоқаев пен Вучич қарым-қатынастың жаңа кезеңін бастады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Президенті Александр Вучич келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдап, екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын нығайтатын 10 құжаттың алмасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кездесу соңында екі мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл құжат Астана мен Белград арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге шығаруға бағытталған.

Президенттердің қатысуымен денсаулық сақтау, құқықтық көмек, цифрландыру және жасанды интеллект салаларын қамтитын бірқатар маңызды меморандумдармен алмасу рәсімі өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Сербияның Әділет министрлігі әріптестік орнатуға келісті.

Цифрлық трансформация саласында да маңызды қадамдар жасалды. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Сербияның екі бірдей мекемесімен – Ақпарат және телекоммуникация министрлігімен және Электрондық үкімет кеңсесімен өзара түсіністік туралы меморандумдар бекітті.

Ынтымақтастық ауыл шаруашылығы, ғылым, мәдениет және кино салаларында да кеңейді. Екі елдің тиісті министрліктері ветеринария, ғылыми-технологиялық даму, материалдық емес мәдени мұраны қорғау және кино өндірісі бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы мен Сербияның даму агенттігі арасында, ал дипломатиялық кадрлар даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясы мен Сербияның Дипломатиялық академиясы арасында келісімдер жасалды.

Фото: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…