Categories Жайық news

Tele2/Altel-дің жаңа қожайыны Тоқаевпен кездесті: Енді байланыс сапасы жақсара ма?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Tele2/Altel отандық байланыс операторын сатып алатын катарлық Power International Holding (PIH) компаниясының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен кездесуге холдинг басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаят қатысты. Тараптар энергетика және телекоммуникация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың келешегін талқылады.

Мемлекет басшысы газ өңдеу, тасымалдау және электр қуатын өндіру салалары Қазақстан мен Катар арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті. Бұл саладағы ірі жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қоспақ.

Кездесу барысында PIH компаниясының басшылары Mobile Telecom Service (Tele2/Altel) операторын сатып алу арқылы Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жұмысын кеңейту жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісімнің маңызына тоқталып, катарлық компанияның келуі салаға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

«Компанияның бұл қадамы еліміздің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңғыртуға, халық үшін қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді деп сенемін», – деді Президент.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және келешегі зор инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін растады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…