Сурет: Egemen Qazaqstan
Шахматшы Бибісара Асаубаева Ослодағы «Norway Chess Women 2026» турниріндегі жеңісінен кейін ФИДЕ рейтингінде екі сатыға жоғарылады. Ол 2537,6 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Асаубаеваның алдында Қытайдың төрт күшті ойыншысы тұр: Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0), Цзюй Вэньцзюнь (2559,6) және Чжу Цзиньэр (2549,6).

