Categories Жайық news

АҚШ Қазақстан экономикасына ден қойды: Тоқаев америкалық корпорация басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев U.S. International Development Finance (DFC) корпорациясының атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдап, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы америкалық корпорацияны Қазақстанның орнықты даму жолындағы маңызды серіктесі деп атап, экономиканың түрлі саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін растады.

Кездесу барысында Бен Блэк АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді байланысты нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізді.

«Біз үшін тау-кен өндірісі, көлік-транзит инфрақұрылымы сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндігі зор. Бұл бағыттар аймақтық және өңіраралық сауданы кеңейтуде стратегиялық маңызға ие», – деп атап өтті Бен Блэк.

Тараптар осы және өзге де бағыттар бойынша нақты жобаларды қарастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…