Categories Жайық news

«Вагнерге» көмектесті деген Нұрлан Сабыровқа қатысты ІІМ мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрлігі танымал комик Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын ресми түрде мәлімдеді. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясына көмектескені туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Нұрлан Сабыровтың «Вагнер» тобына мотоцикл сыйлап, сол арқылы қарулы топқа жәрдемдескені туралы ақпарат қызу талқыланған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастағаны да хабарланған.

Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Нұрлан Сабыровқа қатысты ешқандай қылмыстық іс тіркелген жоқ», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік бұл мәселеге қатысты басқа ақпарат берген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…