Бристоль университетінің ғалымдары түнгі ауысымда жұмыс істеудің неліктен артық салмаққа әкелетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, түнгі жұмыс кестесі адамның ішкі биологиялық сағатын (циркадтық ырғағын) бұзады. Бұл гормоналды тепе-теңдікке тікелей әсер етіп, мидың тәбетті бақылайтын орталығының жұмысын өзгертеді.
Нәтижесінде ағза демалуы тиіс уақытта керісінше, аштық сезімін тудыратын нейропептидтер белсенді жұмыс істей бастайды. Осылайша адам қалыпты мөлшерден көп тамақтанып, артық салмақ жинайды.

