Categories Жайық news

Тоқаев пен Жапаров не туралы келісті? Қырғызстан Қазақстандағы реформаларды толық қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қарым-қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жетістікке тұрақты саяси диалог пен екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы тығыз байланыс негіз болып отыр.

Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін ерекше атап өтті. Тараптар достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Садыр Жапаровқа елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар туралы айтып берді. Тоқаев бұл жаңғырулар мемлекеттің өркендеуіне тың серпін беретінін жеткізді. Өз кезегінде Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді толық қолдайтынын мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша пікірлерінің ортақ екенін білдірді. Осы орайда Қазақстан Президенті алдағы уақытта Бішкекте өтетін ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты маңызды халықаралық іс-шаралардың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға және қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған саясатын қолдайтынын жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…