Categories Жайық news

Димаштың әніне билеген Шайдоров жапониялықтарды шаң қаптырып кетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров беделді халықаралық турнирде тарихи жеңіске жетіп, жапониялық мықты қарсыластарын артта қалдырды. Ол өзінің еркін бағдарламасын Димаш Құдайбергеннің әніне орындап, жанкүйерлерді тәнті етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Михаил еркін бағдарламасы үшін 198,64 балл жинап, жалпы есепте 291,58 ұпаймен топ жарды. Оның өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

Бұл жарыста қазақстандық спортшының негізгі бәсекелестері Күншығыс елінің өкілдері болды. Нәтижесінде күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма (280,06 ұпай) иеленсе, қола медаль тағы бір Жапония спортшысы Шун Сатоға (274,90 ұпай) бұйырды.

Бұл – Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы мәнерлеп сырғанаудан жеткен ең ірі табыстарының бірі. Шайдоровтың Димаш Құдайбергеннің композициясына қойылған бағдарламасы оның жеңісіне ерекше реңк беріп, әлемдік қауымдастықтың назарын аударды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…