Categories Жайық news

СҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты: Екі адам тірідей өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты. Қызылжар ауданындағы тасжолда «Toyota Camry» жеңіл көлігі мен «Shacman» жүк көлігі соқтығысып, екеуі де өртке оранған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 7 ақпан күні сағат 15:10 шамасында Қызылжар ауданындағы Қарлыға ауылының маңында болған. Апат «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» тасжолының 927-шақырымында тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, 55 жастағы «Toyota Camry» жүргізушісі Петропавлдан Явленка ауылына бара жатқан. Белгісіз себеппен ол қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, 37 жастағы ер адам басқарған «Shacman» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көлік пен жүк көлігінің кабинасы лезде отқа оранған. «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Олардың күйіп кеткен денелері апат орнынан табылды.

Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Дәрігерлер оның кеуде тұсынан жарақат алғанын анықтады.

«Toyota Camry жеңіл автокөлігі мен Shacman жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оның салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…